Сыйақыны қайырымдылыққа жұмсау туралы шешім қабылдадым: Рыбакина федерация сыйақысынан бас тарту себебін түсіндірді
Сыйақыны қайырымдылыққа жұмсау туралы шешім қабылдадым: Рыбакина федерация сыйақысынан бас тарту себебін түсіндірді
288
оқылды
Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясы ұсынған сыйақыдан неліктен бас тартқанын айтты.
"Маған бұған дейін де көмектесті, көмектесіп те жатыр. Енді менің кезегім келді деп ойлаймын, яғни алғысымды сөзбен ғана емес, іспен дәлелдейтін уақыт келді. Менің жеңісім баршаға ортақ. Жеңіс мұнымен бітпейді, алда тағы жеңісті сәттер күтіп тұр деп үміттенемін. Тиісінше қайырымдылық жасау да жалғасын табады. Сондықтан, ақылдаса келе сыйақыны қайырымдылыққа жұмсау туралы шешім қабылдадық", - деді Елена Рыбакина елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Елена Рыбакинаға мемлекет тарапынан Уимблдондағы жеңісі үшін сыйақы қарастырылмаған. Спортшының өзі Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйақыдан бас тартты. Бұған дейін  қазақстандық теннисші Елена Рыбакина  Уимблдон турнирінде  тарихи жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз.