Жаңа облыстарда Сенатқа сайлау өтеді
Жаңа облыстарда Сенатқа сайлау өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай, Жетісу және Ұлытау облыс­тарынан Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Сенаты­ның депутаттарын сайлауды тағайындау туралы» Жарлық­қа қол қойды, – деп хабар­лайды Ақорда. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 129-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сәйкес қаулы етемін: Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалсын. Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын белгілеу және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 129-бабына сәйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының əәкімдері Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген жарлық мәтінінде.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ