13 шілдеге арналған ауа райы болжамы

ауа райы

"Қазгидромет" 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ жел күшейіп, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, батысында бұршақ жауады деп болжануда. Ал Қазақстанның оңтүстігі, солтүстік-батысы және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.

Сонымен қатар Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде де қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.