Нұр-Сұлтанды су басу қаупі бар
Нұр-Сұлтанды су басу қаупі бар
196
оқылды
Мұндай пікірді Ішкі іс­тер министрінің бірінші орынбасары Юрий Ильин айтты. Оның айтуына қа­ра­ғанда, қаланың бірқатар аудандары көктемде су астында қалуы мүмкін екен. Бірінші вице-министр осы­дан бірнеше күн бұрын жауған жаңбыр кезінде Нұр-Сұлтан қа­ласының бірқатар аудандарында көшенің суға толып кеткенін айтты. Мұндай қиындықтан тек аяз құтқарыпты. Сондықтан қа­ла аумағын қардан тазалау өзекті болып қала бермек. Вице-ми­нистр де бұл мәселенің маңызды екенін айта келе, әлі де қар жауа­тынын тілге тиек етті. «Жеке сек­тордың тұрғындары алдымен аулаларындағы қарды өз күш­те­рімен шығарғаны жөн. Ал тө­ңі­рекке жиналған қарды ком­муналдық саланың қызмет­­кер­лері өздері тасып әкетуі тиіс», – деді Ю.Ильин. Сонымен қатар ол елді ме­кендерді су тасқынынан қорғау үшін «2017-2020 жылдарға ар­налған су тасқыны қауіп-қате­рінің алдын алу және оларды жою бойынша шаралар кешені» жол картасы жасалғанын да атап өтті. Аталған жол картасында 521 іс-шараны орындау көзделген. Бұл бағдарламаны қаржылан­дыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 70 млрд теңге қарастырылған. Бұл сома республикадағы барлық облыс­тардағы су басу қаупі бар аймақ­тар үшін бөлініп отыр. Ал Нұр-Сұлтан қаласының төңірегіне қайта оралар болсақ, бірінші вице-министрдің сөзіне қарағанда шаһар іргесіндегі Вя­чеслав су қоймасы тез толатынға ұқсайды. Мұндай жағдайда қой­мадағы суды ертерек ағызып жіберу де ескеріліпті. Естеріңізге салар болсақ, биыл Арқада қар мол жауды. Тек ақпанның 10-нан 11-не қа­раған түні елорда көшелерінен 30 941 текше метр қар шыға­рылды. Қарды 1 696 жұмысшы күреген. Ал биылғы қыста ша­һар­дан 280 мыңға жуық рейс­пен 3 408 260 текше метр қар шы­ғарылды.