Тірегімнен айырылдым, анасыз қалай өмір сүретінімді білмеймін – Арман Дәулетияров
Тірегімнен айырылдым, анасыз қалай өмір сүретінімді білмеймін – Арман Дәулетияров
©nur.kz
25,918
оқылды
Продюсер Арман Дәулетияровтың анасы өмірден өтті. Бұл жайында танымал продюсер Арман Дәулетияров Instagram парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, анасы ауырмастан және денсаулығына шағымданбастан, бірер сағаттың ішінде жүріп кеткен. "Кеше анашым өмірден өтті. Ол мүлдем ауырмаған еді. Денсаулығына да шағымданған жоқ. Құрбан айтты тойлап, қонаққа барып жүрді. Бір сағат бұрын ғана телефонмен сөйлескенбіз. Сондағысы төсекке жатып, жантая тұрмақ болған. Ал енді ол жоқ, о дүниеге кетіп қалды. Тірегімнен айырылдым. Өмірім түнекке айналды. Көз жасымды тыя алар емеспін. Аяулы анашымсыз ары қарай қалай өмір сүретінімді білмеймін", – деп жазды продюсер.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Arman Davletyarov (@arman_dav)