Доллар бағамы 2,29 теңгеге қымбаттады

Доллар бағамы 2,29 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 2,29 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 475,91 теңге. Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 473,38 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 474,00 теңге, сатып алу – 478,00 теңге. Ал  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге.