Қазақстанға ұн мен тыңайтқыш деп 60 тоннадан астам қант кіргізбек болғандар ұсталды

қант
© maqat-tynysy.kz

Қазақстанға Ресейден ұн мен тыңайтқыш деп 60 тоннадан астам қант өткізбек болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Россельхознадзор.

6 шілдеде "Русско-Полянский" фитосанитарлық бақылау бекетінде Ресей аумағынан 29,9 тонна қант шығару фактісінің жолы кесілді. Қант партиясы құжатта тыңайтқыш (карбамид) қретінде көрсетіліп, ақ түсті полипропилен қаптарға салынған. Омбы кедені тергеу жүргізуде.

Сонымен қатар 30 маусым мен 8 шілде аралығында "Есілкөл" автомобиль және теміржол өткізу бекеттерінде 34 тоннаға жуық қант экспорты тоқтатылды. Бір жағдайда өнімдер ұнға арналған құжаттар бойынша экспортталған: қант қаптары ұн салынған қаптардың астына жасырылған. Қалған жағдайларда жалпы салмағы 590 келі өнімнің ұсақ партияларын қала маңындағы электр пойызында жеке тұлғалар тасымалдаған.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Ресей 31 тамызға дейін Қазақстанға астық пен қант экспорттауға тыйым салды. ҚР билігі қант қоры үш айға жетеді деп мәлімдеді, бірақ кейбір аймақтарда тұрғындар дүкендердегі өнім тапшылығы мен бағаның күрт өсуіне шағымдана бастады. Мысалы, Атырауда бір қолға 3 келіден астам қант сатуға шектеу қойылды. Оралдағы кейбір сауда орындарында қант кесте бойынша таңғы 8-ден 10-ға дейін сатылған. Мамыр айында Ауыл шаруашылығы министрлігі ақ қант пен шикі қантты алты айға экспорттауға тыйым салды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.