Алматыда қалалық филиалдың Саяси кеңесі Бюросының және Алматы қаласы мәслихатындағы «AMANAT» депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – «АMANAT» партиясы фракциясының мүшелері қатысты.
Отырыста халықтың өмір сүру жағдайын, жол-көлік инфрақұрылымын және экологиялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ білім беру және медицина объектілерін салу мәселелері қаралды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 12 бағыт бойынша жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
«Бұл нысандар өткен жылдан бері өтпелі болып келеді. Соның бірі – Мәдениет шағын ауданындағы мектеп құрылысы. Құрылыс басқармасының есептеуінше, мектеп тамыз айында пайдалануға беріледі. Алайда, нысанға барғаннан кейін құрылыс жұмыстары баяу жүргізіліп жатқанын көрдім. Мектептің инфрақұрылымы мен абаттандыру мәселелері де ерекше бақылауды талап етеді», - деді Б.Торғаев.Тиісті басқармада келісімшартқа сәйкес Мәдениет шағын ауданында мектеп құрылысы тамыз айының соңына дейін аяқталатынына сендірді. Бұл үшін барлық техника мен 400-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған. Сондай-ақ, депутат Мәди Ахметов мегаполистегі жастар мәселесін көтерді. Атап айтқанда, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамтудың белсенді шараларын қолдану, жастар практикасы және жұмыс орындарын ашу қозғалды.