Қапшағай су қоймасында жағадан 100 метр қашықтықта 49 жастағы Ұлыбритания азаматы құтқарылды. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13 шілде күні сағат 18:55 шамасында Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суға батып бара жатқан 1973 жылы туған ер адамды байқап қалған.
«Құтқарушылар ер адамды жағаға аман-есен алып шықты, британдық азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», - деп хабарлады ведомство.Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.