Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі үшін $2 млн табыс тапты, - деп хабарлайды Sports.kz сайты. Төменде спортшының «Үлкен дулыға» турнирлерінде өнер көрсеткені үшін алған барлық гонорары көрсетілген. Ол барлығы 3 745 108 доллар табыс тапқан. «Ролан Гаррос»-2019: бірінші айналым, $ 40 000 US Open-2019: бірінші айналым, $ 58 000 Australian Open-2020: үшінші айналым, $ 124 138 US Open-2020: екінші айналым, $ 100 000 «Ролан Гаррос»-2020: екінші айналым, $ 84 000 Australian Open-2021: екінші айналым, $ 115 500 «Ролан Гаррос»-2021: ширек финал, $ 283 500 Уимблдон-2021: 1/8 финал, $ 211 770 US Open-2021: үшінші айналым, $ 180 000 Australian Open-2022: екінші айналым, $ 102 200 «Ролан Гаррос»-2022: үшінші айналым, $ 126 000 Уимблдон-2022: титул, $ 2 320 000