Желіде Парацетамол 7 күннен кейін өлімге әкеледі деген ақпарат тарады

Желіде Парацетамол 7 күннен кейін өлімге әкеледі деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде Парацетамол 7 күннен кейін өлімге әкеледі деген жалған ақпарат тарады.

«Бұл - фейк. Назар аударарлық жайт, хабарламада суреті ұсынылған дәрі-дәрмектің қаптамасында өндіруші компанияның атауы көрсетілген – Apex. Бұл парацетамол шығаратын үнді фармацевтикалық компаниясы, бірақ оның қауіптілігі туралы хабарланбаған. Бұл парацетамолдың Израильде өндірілмегенін дәлелдейді, яғни хабарламаның басым бөлігі фейк» делінген StopFake.kz хабарламасында.

Парацетамол препараты бес күнде адамды өлтіреді деген ақпарат желіде пандемия басталғалы таралуда. Ол кезде қауіпті дәрі COVID-19 жұқтырған науқастарын емдеу үшін қолданылады деп жазды. Бұл ақпаратты литвалық және украиндық  фактчекерлер бірден жоққа шығарды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.