14 шілдеге арналған ауа райы болжамы
14 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: tirshilik-tynysy.kz
354
оқылды
«Қазгидромет» 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронттың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің оңтүстігінде – шаңды дауыл, батысында, оңтүстік-шығысында – бұршақ, солтүстігінде түнде тұман түседі. Тек Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы мен орталығында жауын-шашын жаумайды. Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында аптап ыстық болады. Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады. Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Ауыспалы бағыттардан жел соғады, күші – 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 14-16, күндіз 29-31 градус жылы болады. Алматы қаласында көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде 18-20, күндіз 29-31 градус жылы болады. Шымкентте де көшпелі бұлт, жауын-шашын жоқ. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 19-21, күндіз 35-37 градус жылы болады.