Ғарыштан 686 мың шаршы шақырым есірткі алқабын анықтады
Ғарыштан 686 мың шаршы шақырым есірткі алқабын анықтады
Фото: vsegda-pomnim.com
943
оқылды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті биыл ғарыштық мониторинг жүргізді. Нәтижесінде, 686 000 шаршы шақырым аумақтың каннабис өсіруден зардап шеккені белгілі болды. Аэроғарыш комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «Қарасора» операциясы аясында ғарыштық мониторинг көмегімен есірткі плантациясын анықтап жатыр. «Құрамында есірткі бар өсімдіктер өсетін аймақты анықтаудың тиімді әдістерінің бірі – жерді қашықтан зондтау. Оны қолдану тәжірибесін «Қазақстан Ғарыш Сапарының» мамандары зерделейді. Биыл ғарыштық мониторинг нәтижесінде, 686 000 шаршы шақырым аумақ қамтылды. Каннабис өсіруден зардап шеккен Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарында учаскелер анықталды» делінген ресми хабарламада. Айта кетейік, 2019 жылы ғарыштық мониторингтің көмегімен Қызылорда және Жамбыл облыстарында – 123, 2020 жылы – 94, ал былтыр тек қана Қызылорда облысында 77 есірткі егілген алқап анықталды.