«Базис-А», Bi Group, бас-аяғы 15 ірі құрылыс компаниясы пәтер бағасын 20 процентке қымбаттатқан
«Базис-А», Bi Group, бас-аяғы 15 ірі құрылыс компаниясы пәтер бағасын 20 процентке қымбаттатқан
Фото: taunews.kz
814
оқылды
Қазақстандағы 15 ірі құрылыс компаниясы пәтер бағасын негізсіз 20 пайызға қымбаттатқан. Олардың 14-і әкімшілік жауапкершілікке тартылса, біреуіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы хабарлады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, өзара келісе отырып, баспана бағасын қымбаттатқан компаниялар арасында белгілі «Базис-А» мен Bi Group бар. Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында да бағаны өсірген компаниялар тіркеліп отыр. Елордадағы «Орда Строй Групп» серіктестігі, агенттіктің ескертуіне құлақ аспағандықтан, қазір тергеу жүріп жатыр. Ал қалған құрылысшылар ескертуден кейін баспана бағасын 15-20 пайызға төмендеткен.