Президент екеуі де бір жұмыс істейтін «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодорды» біріктіруді тапсырды
Президент екеуі де бір жұмыс істейтін «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодорды» біріктіруді тапсырды
Фото: ru.qaj.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында жол сапасы сын көтермейтінін айтты. «Келесі мәселе – автожол саласына қатысты. Бұл салаға түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқаратын болады», – деді Президент.