Түркияның Демократия мен ұлттық бірлік күніне орай жиын өтті
Түркияның Демократия мен ұлттық бірлік күніне орай жиын өтті
349
оқылды
15 шілде – Түркияда Демократия мен ұлттық бірлік күні. Осыған орай, Түркияның Алматыдағы Бас консулдығы БАҚ өкілдерінің  қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Жиында 2016 жылы 15- шілде күні Түркияда болған қайғылы жағдайдың  себептері мен нәтижесі туралы кеңінен айтылды. Осыдан алты жыл бұрын  дәл осы күні Түркияның билігін құлатуды көздеген  террорлық топ Түркия билігін құлату үшін, төңкеріс жасауға тырысты. Алайда миллиондаған түрік азаматы бұл әрекетке қарсы шығуының нәтижесінде арам пиғылды топтың жымысқы әрекеті жүзеге аспаған болатын.    width= Алайда, орын алған қарулы қақтығыстардан 251 адам көз жұмып, 2700-дей тұрғын жарақат алды. Өкінішке қарай, қаза тапқандардың көпшілігі бейбіт халық өкілдері. Дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы Түркия елшілігінің Алматыдағы бас консулы Әли Рыза сол бір қайғылы  да тарихи жағдай кезінде түрік ағайындар туыстас қазақ халқының ерекше қолдау көрсеткенін алғыс сезіммен еске алды. Сонымен қатар дәл осыған ұқсас жағдай осы жылғы қаңтар айының басында Қазақстанда да орын алғанына үлкен өкінішпен қынжылысын білдірді. Бас консулдың айтуынша мұндай  сын сағаттарда елді  тек халықтың бірлігі мен ынтымағы ғана алып шыға алады. Бұған екі елде де болған жағдайдың өз кезегінде оң шешілуі дәлел. «Қазақстан мен Түркия әрдайым бір-біріне демеу. Біз мемлекеттердегі кез келген оқиғаға бей-жай қарамаймыз. Бүгін Түркиядағы Демократия мен ұлттық бірлік күніне орай бас қосып отырмыз. Айтулы күнді еске алып әрі мұндай оқиғалар ел бірлігіне, татулығына қалай әсер ететіндігі жайлы талқыладық. Тыныштық – әр елдің басты құндылығы», – деді Қазақсатандағы Түркия елшілігінің Алматыдағы бас консулы Әли Рыза.

Алматы