Эдуард Полетаев: Партия жанынан жастар қанатын құру – бұл жастарға белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік беретін әлемдік тәжірибе
Эдуард Полетаев: Партия жанынан жастар қанатын құру – бұл жастарға белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік беретін әлемдік тәжірибе
216
оқылды
12 шілдеде «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезі өтті. Осы орайда белгілі саясаттанушы Эдуард Полетаев мемлекет тағдырындағы жастар саясатының маңызына тоқталып, жастар қанатының трансформациясына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы саясаттанушы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Көптеген мемлекетте қазіргі жастар саясаты – бұл жастардың қоғамдық құқығын қамтамасыз етуді, оның әлеуметтенуі мен қоғамдық-саяси процестерге қатысуы үшін жағдай жасауды қамтитын шаралар жүйесі. Мемлекеттік саясаттың басымдықтарын айқындай отырып, Қазақстан билігі әрқашан жастарға үлкен әлеуетке ие маңызды әлеуметтік топ ретінде арқа сүйеген. Жалпы айтқанда «жастар – біздің болашағымыз» деген ұстанымның танымалдығы барлық саяси дискурсқа тән. Тиісінше, ол жас ұрпақ әлемінің саяси бейнесін жасайтын маңызды институт ретінде әрекет ете отырып, қазіргі партиялар бағдарламасында қолданылады. Жаңа Қазақстандағы институционалдық реформалар процесінде «AMANAT» партиясы жастар қанаты да белсенді рөл атқарды. Партияның өз қатарына жастарды қаншалықты белсенді тартатыны, сондай-ақ оның өкілдерін өз басшылығының құрамына және депутаттық корпусқа енгізуі партияның жас ұрпаққа деген қарым-қатынасының шын мәнінде қандай екенін түсінуге мүмкіндік береді. Қазақстандағы жетекші және ең танымал жастар саяси күшінің құрамында 105 мыңнан астам мүше бар. Осы аптада AMANAT жастар қанатының кезектен тыс VI съезі өтіп, оған 350 делегат сайланды. Съезд барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеу арқылы жаңа Қазақстанның жастары үшін үш маңызды басымдықты атап өтті: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм. Съезд барысында жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданды. Қоғамдық пікір көшбасшылары мен ҮЕҰ өкілдері арасынан орталық кеңес құрамына жаңа мүшелер енді. Сонымен қатар жастар ұйымының атауын «Жастар рухы» деп өзгертті.«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Жастар қанатының алдына бірқатар перспективалық міндеттер қойды. Жобалардың жаңа желісі ұсынылып, атқарылатын жұмыстың басымдықтары анықталды. Трансформациялау бағдарламасын іске асыру нәтижесінде шешім қабылдау, заңнамаға түзетулер енгізу және қоғамды демократияландыру процестеріне жастардың сындарлы қатысуы кеңейтіледі деп күтіліп отыр. «Біз барлық жастар санатын қамтып, олардың өтініштеріне құлақ асып, әлеуетін ашуға көмектескіміз келеді. Жастарға өзін, сүйікті ісін тауып, қауіпсіз және гүлденген елде өмір сүруге жағдай жасап, оларды қолдауға ұмтыламыз», - делінген құжатта. Бірқатар ерекшеліктерге сүйенетін болсақ, бұл жиын бұрынғыларынан мүлде бөлек. Жастар қанатының ребрендингі маңызды идеологиялық әрі психологиялық мәнге ие. Жаңа атау – бұл партия өзі үшін қалыптастырған жаңа трендтерді ұстану. Жастар қанаты қазір саяси жүйені қайта құрудың жалпы процесіне қосылып отыр. «Жастар рухы» – барлық облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда өкілдік ететін жалғыз жастар ұйымы. Оның филиалдық желісіне 609 өкілдік кіреді. Одан бөлек жобалық және волонтерлік қызмет жүргізіледі. Осындай жүйелі ұйымдастырудың арқасында «Жастар рухы» ел жастарының едәуір бөлігін өз жобалары мен бастамаларын іске асыруға тарта алады. Ал жас депутаттар корпусының болуы жастарды толғандыратын мәселелерді мәслихат пен Мәжілісте көтеруге мүмкіндік береді. «AMANAT» трансформация бағдарламасын кеңейте отырып, өзгерістерді әрі қарай жалғастырып жатыр. Осылайша партиялық менеджмент біртіндеп ішкі өзгерістерді де кеңейтпек. Осының барлығы ішкі жұмыс пен түрлі бағыт бойынша жүргізілген ревизияның (идеологиялық, ұйымдастырушылық, кадрлық және т.б.) нәтижесі. «Трансформациялық майдан» партиялық саяси мінез-құлықтың стилі мен мазмұнын жүйелі түрде өзгертуді көздеп отыр. Партияның ішкі жаңару көрсеткіштерінің бірі – жер мәселесін шешу жолында атқарып жатқан белсенді жұмысы. Сондай-ақ, «Жастар рухы» нақты шешімдерді қажет ететін мәселелері бар қоғамның негізгі қабаты – жастармен тікелей жұмыс жасайды. Партияның жаңартылған жастар қанаты, ең алдымен, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін шоғырландыратын және осы энергияны ел дамуының игілігіне бағыттайтын институт. Ал екіншіден, ол жастардың әлеуметтік-экономикалық және саяси көңіл-күйінің барометрі болуға тиіс. Осылайша жастар негізгі мәселелерін ең жоғары деңгейде көтеріп, оларды оңынан шешуге мүмкіндік алады. Партия жанынан жастар қанатын құру – бұл жастарға заң шеңберінде кедергісіз, ұйымдасқан түрде өз мүддесін қорғауға, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік беретін жалпыға ортақ әлемдік тәжірибе. Ең бастысы, жастар партиялық саясатын жүргізу қызметінде айқындық пен нақтылық болуы қажет» - деп жазды Эдуард Полетаев.