Доллар бағамы 2,44 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 2,44 теңгеге қымбаттады
263
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,44 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 478, 39 теңге. Ұлттық банктің 14 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 475,91 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 481,50 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 476 теңгеден болса, сатып алу құны – 479,50 теңге.