Павлодарда жоғалған 12 жасар жасөспірім бір аптадан соң аулалардың бірінен табылды

жасөспірім
Фото: pavlodarnews.kz

12 жасар Глеб есімді ер бала 8 шілдеде үйінен шығып кеткен, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Кәмелетке толмаған баланың туыстары келесі күні тәртіп сақшыларына өтінішпен жүгінген.

Өңірлік полиция департаментінде баланың бұрын да үйден кетіп қалып жүргенін айтады.

«VITA» қоғамдық бірлестігінің еріктілері өздерінің Instagram-парақшасында жасөспірімге іздеу салды. Олар полиция қызметкерлерімен бірге Глебті бір аптадан кейін – 14 шілдеде әлеуметтік желі қолданушысының көмегімен тапты.

«Жоғалған Глебке ұқсайтын бала туралы бізге желі қолданушысы хабарлады. Оның айтуынша, жасөспірім ауладағы ойын алаңында отырған және бір нәрседен қорқатын сияқты көрінген. Еріктілеріміз келгенге дейін қыз жасөспірімді аулада ұстап тұруға тырысты», - деді VITA жетекшісі Екатерина Кудрявцева.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.