Шавкат Рахмонов ММА рейтингінде үздік ондыққа енді
Шавкат Рахмонов ММА рейтингінде үздік ондыққа енді
324
оқылды
Шавкат Рахмонов ең мықты боксшылар жаһандық рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, - деп хабарлайды Sports.kz. Басылым рейтингі тек бір ММА ұйымымен шектелмейді және оған әртүрлі лигалардың (UFC, Bellator, ONE FC және т.б) спортшылары кіріп отыр. Жартылай орта салмақтағы рейтинг кестесінде өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов 13-ші орыннан сегізіншіге көтерілген. Маусым айының соңында «Номад» лақап атымен белгілі спортшы америкалық файтер Нил Мэгниді тұншықтыру әдісімен жеңген. MMAFighting.com нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы рейтинг төмендегідей: 1. Камару Усман 2. Колби Ковингтон 3. Хамзат Чимаев 4. Леон Эдвардс 5. Гилберт Бернс 6. Белал Мухаммад 7. Ярослав Амосов 8. Шавкат Рахмонов 9. Висенте Луке 10. Шон Бреди 11. Стивен Томпсон 12. Майкл Кьеза 13. Логан Сторли 14. Роберто Солдич 15. Кевин Холланд.