Алматы көшелерінде қару асынып жүрген ер адам 7 жылға сотталуы мүмкін
Алматы көшелерінде қару асынып жүрген ер адам 7 жылға сотталуы мүмкін
243
оқылды
Алматыдағы «Дарабоз» ықшам ауданында қару асынып, көшеге шыққан ер адам сотталуы мүмкін. Бұл туралы Алатау ауданының прокуроры мәлімдеді. Ведомство өкілінің айтуынша, ер адамның әрекеті ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланды.
«Күдікті 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс қозғалды. Іс бұзақылық бабы бойынша тергеліп жатыр. Ұсталған азаматтың қаруы тәркіленіп, заттай айғақ ретінде танылды. Қазір ол сақтау камерасына тапсырылды», - деді Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.