Шымкентте пышақ ұстаған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады

Шымкентте пышақ ұстаған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады

Шымкенттегі «Нұрсәт» шағын ауданында бойжеткен қыз шабуылдың құрбаны бола жаздады. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Оқиға Шымкенттің Нұрсат шағынауданында болған. Күдікті қызға шабуыл жасамақ болған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Мен ештеңеден күдіктенген жоқпын. Мен оның жақындап келе жатқанын көріп тұрмын, ол бірдеңе сұрағысы келді деп ойладым, бірақ ол арқасынан пышақ суырып алды. Сол кезде мен қорқып кетіп, қатты айғайлап едім, ол қорқып қашып кетті», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Аружан.

Полиция департаменті әріптесінің әрекетін қызметтік комиссия қарайтынын хабарлады. Сондай-ақ департамент күдіктіні іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын атап өтті.

"2022 жылдың 12 шілдесінде Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында 2022 жылдың 4 шілдесінде сағат 22.00 шамасында Нұрсәт ықшамауданында пышақ ұстаған бейтаныс ер адам жақындағанын жазған. Қазіргі уақытта оны анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.