Құндылықтарды дәріптесе...
Құндылықтарды дәріптесе...
308
оқылды
– Еліміздің ең ірі жастар бірлестігі «AMANAT» партиясының ізін ала атын ауыстырды. Меніңше, «Жастар рухы» деген атау беру қисынды шешім болған сияқты. Толықтай ребрендинг жасалып, «Nur Otan»-мен ассоциациядан алшақтадық деп айтуға болады. Бүгінде партияның бұрынғы атауы да, бұрынғы төрағасы да, бұрынғы статусы да жоқ. Сондай-ақ Қаңтар оқиғасынан кейін партия мүшелерінің қатары сиреп, саяси институттың толыққанды трансформациясы жүзеге асты. Қазір «Жастар рухы» – әлі де ең үлкен жастар ұйымы, оның әр өңірлерде 600-ден аса өкілдігі бар. Сәйкесінше, ықпал ететін ресурстары да қомақты. Мұнда ең бастысы – ықпалдың дұрыс бағытта болуы. Ұйым жас шенеуніктерді дайындаудан бұрын жастарға болашақта көмектесетін үлгі-өнеге көрсетумен айналысу керек. Бұл орайда Президенттің білімге құштарлық пен адал еңбекті дәріптеуі өте маңызды болды. Біздің елде жастардың демографиялық құрылымдағы үлесі өсе береді. Алайда бүгінгі экономикалық жағдай, әсіресе халық тығыз орналасқан оңтүстік аймақтарда онша мәз емес. Сондықтан жастар ұйымы мықты болып, мемлекеттік институттардың орнын баспай, оларды толықтыруы тиіс. Мыңдаған жас «Жастар рухынан» қолдау, тұлға болып қалыптасуда көмектесе алатын тәлімгерлер таба білуі қажет. Ал популизмге тойып біттік, енді ол қайталанбайды деп сенемін.

Жұлдызай ЫСҚАҚОВА, саясаттанушы