Бір күнде 1 200-ден астам адамнан коронавирус анықталды
Бір күнде 1 200-ден астам адамнан коронавирус анықталды
Фото: schaeffersresearch.com
322
оқылды
Бір тәулікте коронавирус 1 257 адамнан анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комисссия хабарлады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында – 353, Алматы қаласында – 349, Шымкент қаласында – 103, Ақмола облысында – 30, Ақтөбе облысында – 7, Алматы облысында – 115, Атырау облысында – 23, Шығыс Қазақстан облысында – 15, Жамбыл облысында – 60, Батыс Қазақстан облысында – 13, Қарағанды облысында – 70, Қостанай облысында – 17, Қызылорда облысында – 51, Маңғыстау облысында – 16, Павлодар облысында – 9, Солтүстік Қазақстан облысында – 5, Түркістан облысында 21 адам ауырған. Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 1 313 551-ге жетті. Ал емделіп шыққандар саны – 260 адам. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 65, Алматы қаласында – 156, Ақмола облысында – 10, Қарағанды облысында – 7, Қызылорда облысында 1 науқас емделіп шықты. Елімізде барлығы 1 294 493 адам COVID-19-дан емделді.