Қоқан-лоқы көрсетіп, кәсіпкерлердің мүлкін тартып алғандар ұсталды – видео
Қоқан-лоқы көрсетіп, кәсіпкерлердің мүлкін тартып алғандар ұсталды – видео
Видеодан скриншот
727
оқылды
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел іздестіру нәтижесінде, кәсіпкерлерге қоқан-лоқы көрсетіп, олардың дүние мүлкін тартып алғандарды ұстады. Бір топ адам қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. тартып алу арқылы заңдастырылған кірісі жасырын бизнеспен айналысқан. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. «Қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоқы, бопсалау арқылы еліміздегі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген. Бүгінде департаментте Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды», – делінген ресми хабарламада. Агенттіктің мәліметінше, тағы үш облыста осыған ұқсас қылмыс жасалғаны туралы мәлімет бар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ҚР ҚМА / АФМ РК (@afm_rk)

Олардың уәкілетті мемлекеттік органдарда байланысы болған. Қазір  топтың белсенді мүшелері ұсталды. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚПК-ның 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтерді жария етуге болмайды.