Елорда мен Алматының арасында тағы бір жүрдек пойыз қатынайды

Елорда мен Алматының арасында тағы бір жүрдек пойыз қатынайды

«Жолаушылар тасымалының» мәліметінше, тальго вагондарынан жасақталған Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-2 бағытындағы №204/203 коммерциялық жолаушылар пойызы жолға шығады. Жолаушылар пойызы екі қаланың арасында күнара қатынайды. Пойыз Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан 2022 жылғы 17 шілдеден бастап тақ күндері жөнелтіледі. Алматы-2 стансасынан 18 шілдеден бастап жұп күндері жүреді. Кез келген сұрақтар бойынша 1433 нөміріне хабарласуға болады.