Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: azh.kz
547
оқылды
«Қазгидромет» 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. Жаңбыр жауады. 16 шілдеде солтүстік-батыста, 16-17 шілдеде солтүстікте, 17 шілдеде республиканың шығысында найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Демалыс күндері солтүстік-батыс антициклон жотасы еліміздің батысы мен оңтүстігіне ықпал етеді, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігінде құмды дауыл күтіледі. Ауа температурасы: күндіз батыста +30+40 градус, солтүстік-батыста +25+40 градус, оңтүстік-батыста +36+45 градус, оңтүстікте +33+42 градус, оңтүстік-шығыста +20+35 градус болса, еліміздің солтүстігінде + 24+33 градустан +20+30 градусқа дейін, ортасында +27+38 градустан +23+33 градусқа дейін, шығысында +21+33 градустан +16+28 градусқа дейін төмендейді.