Тәулігіне 4 мың адам жұқтырады: Ажар Ғиният коронавирус бойынша 3 айға арналған болжаммен таныстырды
Тәулігіне 4 мың адам жұқтырады: Ажар Ғиният коронавирус бойынша 3 айға арналған болжаммен таныстырды
Фото: Станислав Красильников/ТАСС
3,391
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус бойынша 3 айға арналған болжамды жариялады.
«Өздеріңіз білетіндей, Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын алдағы 3 айға арналған болжамын жаңартып отырады. Пессимистік сценарийде ең көп тіркелген жағдайлар тәулігіне 4 000 науқасқа дейін, реалистік сценарийде тәулігіне 2 500 жағдайға дейін, оптимистік сценарийде тәулігіне 1 000 жағдайға дейін болады. Сырқаттанушылық тамыз айында өседі. Тамыз-қыркүйек айының соңында төмендей  бастайды», - деді Ажар Ғинаят Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Министр қазақстандықтарды өз денсаулығына қамқор болуға шақырды. Қоғамдық орындарда және көлікте бетперде тағу керек. Аурудың алғашқы белгілері байқалса, дәрігерлерге хабарласу қажет.