Доллар бағамы 480 теңгеден асты
Доллар бағамы 480 теңгеден асты
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы үшінші күн қатарынан көтерілді.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,85 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 480,37 теңге. Ұлттық банктің 15 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 478,39 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 477,95 теңге, сатып алу – 482,60 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңгеден болса, сатып алу құны – 480,50 теңге.