Қарағандыда жол апатынан жүргізуші мен 10 жастағы бала көз жұмды
Қарағандыда жол апатынан жүргізуші мен 10 жастағы бала көз жұмды
© inbusiness.kz
Қарағанды облысының Абай қаласы маңында микроавтобус жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, жеңіл көлікпен және жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан Тойота маркалы жеңіл көліктің ішіндегі жүргізуші мен 10 жасар бала көз жұмды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қайғылы оқиға бүгін сағат 15.00 шамасында Абай қаласынан 1 шақырым жерде болды. Полицейлердің мәлімдеуінше, 39 жастағы Mercedes-Benz Sprinte автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласынан шығып  бара жатып, алдын ала болжам бойынша жолдың қарсы бағытына шығып, Toyota Avensis және Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. «Жол-көлік оқиғасының салдарынан Mercedes-Benz Sprinte автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Avensis автокөлігінің 10 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Mercedes-Benz Sprinte және Toyota Avensis автокөліктерінің жолаушылары ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасы болған жолдың бөлігі уақытша жабылды. Қарағанды облыстық Полиция департаменті көлік жүргізушілерге жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол-жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.