Шымкентте бойжеткенді пышақпен қорқытқан күдікті құрықталды
Шымкентте бойжеткенді пышақпен қорқытқан күдікті құрықталды
257
оқылды
Шымкент қаласының полициясы қызды пышақпен қорқытқан жігітті ұстады. 12 шілде күні полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз шағымында 4 шілде сағат 22:00 шамасында Шымкент қаласы Нұрсат мөлтек ауданында бейтаныс ер адам келіп, пышақпен қорқытқанын жеткізді. Оқиға кезінде жәбірленушінің көмек сұраған даусынан үй иесі сыртқа шығып келе жатқанда, күдікті тез арада “ізін суытып” үлгерген. https://www.youtube.com/watch?v=YIwmOKQj4Mg&feature=emb_title
"Полиция қызметкерлерінің жедел ұстауы және тәулік бойы жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті бейнекамера көмегімен анықталып, тұрғылықты жерінде ұсталды. Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта ұсталған ер адамға қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.