41 күнде 16 килограмм салмақ тастаған вайнер 10 миллион теңге ұтып алды
41 күнде 16 килограмм салмақ тастаған вайнер 10 миллион теңге ұтып алды
9,288
оқылды
"Елдос Колобок" лақап атымен танымал, салмағы 112 келіден асатын әзілкеш әрі вайнер Елдос Кәдірханов 10 миллион теңге қанжығалады. Өнер иесі досымен бәстесіп, небәрі 41 күнде шамамен 16 килограмм салмақ тастаған. Вайнер қуанышты сәтінің бейнежазбасын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.
"Бәстесу аяқталды, Аллаға шүкір! Басталғанда салмағым 112,400 кг еді, 41 күн өткен соң 96,550 кг болды. Дәл қазір менен бақытты адам жоқ шығар. Күн сайын маған шабыт беріп, қолдағандарыңыз үшін сіздерге мың алғыс. Мен мұнымен тоқтамаймын", - деп жазды Елдос Кәдірханов.
Салтанатты рәсім барысында әзілкеш ұтып алған 10 миллион теңгені өз қажетіне жұмсайтынын да атап өткен.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Yeldos Kadirkhanov (@eldos_kalabok)