Қайтарылған жарнаға жарыс ұйымдастырды

жарна

«AMANAT» партиясы Жуалы ау­дандық филиалының бастауыш пар­тия ұйымдары бастамасымен пар­тиялық жарналардан қайта­рыл­ған 20 пайызы трансферт қаржы есе­бінен «Ұлттық мұра» жобасы ая­сында Б.Момышұлы ауылында ор­наласқан орталық саябақта мә­де­ни және спорттық іс-шаралар өтті.

Атап айтсақ, көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойына орай оқырмандар арасында «Жыр мұхитының жүрдек кемесі» атты аудандық байқау ұйымдастырылды. Үш кезеңнен тұратын байқауға барлығы 15 үміткер қатысты. Қатысушылар бейнеролик дайындау, көркемсөз оқу және ақын өлеңіне жа­зылған әндерді орындаудан бақ сынады. Қазылар алқасы үміткерлерді бағалау кезінде олардың мәнерлеп оқу шебер­лігіне, дикциясына, әртістік қабілетіне, тіл тазалығына, кітап таңдау талғамына, ұсынылған бейнероликтің сапасына на­зар аударды. Қызықты да тартысты өткен шарада бас жүлдені Көктөбе ауылынан келген Арслан Жұман иеленді. І орынды Теріс ауылынан Қанатбек Бауыржан мен Талапты ауылынан Бердібай Бекзат еншіледі. ІІ орынды Қарасаз ауылынан Тұрсынбек Нұрислам және Бақалы ауылынан Жанысбек Айбек алса, ІІІ орынды қарабастаулық Мұхам­бетжан Аяжан, Бәйтерек ауылынан Әбдіразақ Арайлым және Әлинұр Әнуарбекұлы олжалады.

Бұдан бөлек, аталған жоба аясында ересектер мен жасөспірімдер арасында аудандық спорт турнирі де өтті. Жас­өс­пірім­дер арасында тартысты өткен ойын нәтижесі бойынша І орынды Айдын Сайлау мен Әлібек Серікбай, ІІ орынды Ерасыл Базарбек пен Жансерік Бейсен, ІІІ орынды Ақназар Сейдахмет пен Елнұр Мейірхан қан­жығасына байлады. Ал ересектер ара­сындағы ойында І орын Болат Жаңа­баев пен Рүстембек Даниярға, ІІ орын Қанат Орманов пен Жеңісбек Өмір­зақовқа, ІІІ орын Мұхамеджан Оразбаев пен Дархан Бейсалиевке бұйырды.

Сондай-ақ Б.Момышұлы ауылында орналасқан «Құлантау» бильярд клу­бында қоғам қайраткері, жазушы Шерхан Мұр­та­заның 90 жылдығына орай ересек­тер мен ардагерлер арасында аудандық тур­нир ұйымдастырылды. Шараны ау­дан­дық партия филиалының атқарушы хатшысы Марат Нарымбеков, аудандық мәслихат депутаты Зиядхан Бүрлібаев және Спорт­тық іс-шаралар өткізу орта­лы­ғының ди­ректоры Жандос Баетов ашып, спорт­шыларға сәттілік тіледі. 18 азаматтың арасында өткен ойын бильярд бәсекесінде Руслан Сайлаубаев, Абай Баетов және Сәкен Батыршаев топ жарды.

Азат ҚАЗАҚ

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.