Ахмет мысалдарына саяхат
Ахмет мысалдарына саяхат
310
оқылды
«AMANAT» партиясы Жетісу об­лысы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Нәдек ауылдық кітап­хана­сында «Ахмет Байтұрсынұлының мы­салдарына саяхат» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Ахмет Байтұрсынұлының өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер – қуғын-сүргін, жетімдік, жоқтық оның бірталай өлеңіне арқау болады. Ел тағдыры, халық қамы, бостандықты аңсау – оның шығар­маларының басты сарыны. «Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», «Үлес», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа», «Қайыршы мен Қыдыр», «Ат пен есек» мысалдарында әлеу­меттік-қоғамдық жағдайларды мең­зейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Кітапхана оқырмандары Нұрасыл Құрмаш, Дина Бекмұха, Айнұр Асқарбек, Дана Тұрдыш, Бірғаным Дәулетхан, Әйгерім Мұсағазы, Әйгерім Молдабек Ахмет Байтұр­сынұ­­­лының туындыларын мәнерлеп оқып, көрерменнің ықыласына бөленді.

Азат ҚАЗАҚ