Опасыздық жасаған әйелді таспен ұрып өлтірген

Опасыздық жасаған әйелді таспен ұрып өлтірген

Суданда әйел күйеуіне опасыздық жасағаны үшін таспен ату жазасына кесілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Суданның 20 жастағы тұрғыны Марьям Алсаед Тийраб неке адалдығын бұзды деген айыппен таспен ұру арқылы өлім жазасына кесілген. The Guardian мәліметтері бойынша, бұл – кейінгі 10 жыл ішінде алғаш рет шығарылған үкім.

Әйел сотқа шағымдануға ниетті. Басылым мәліметінше, әйелдерге тас лақтыру туралы үкімдер әдетте Жоғарғы сотта жойылады.

Угандадағы Африканың әділеттілік және бейбітшілікті зерттеу орталығы (ACJPS) өкілі үкімнің ішкі және халықаралық құқық талаптарын бұзатынын айтып, әйелді тез арада босатуға шақырды.

Орталық өкілі әйелге әділ сот жүргізілмегенін және жауап алу кезінде мәлімдеген ақпараты өзіне қарсы қолданылатынын айтылмағанын жеткізді. Олардың айтуынша, Тийраб заңды өкілдіктен бас тартқан.

2020 жылы Омар әл-Баширдің орнына келген Суданның уақытша үкіметі өзінің кейбір қатаң қылмыстық заңдары мен шариғат саясатына реформаларын жариялаған болатын. Реформалардың ішінде тас лақтыру туралы үкім болмаған, бірақ тамызда ел БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясын ратификациялаған еді. ACJPS өкілі тас лақтыру мемлекет санкциялаған азаптаудың бір түрі әрі елдің адам құқықтары жөніндегі міндеттемелерін бұзатынын айтты.

Құқық қорғаушы Жанна Анридің айтуынша, үкім Суданда шариғат пен жазаның қатал заңдары әлі де қолданылатынын көрсетеді.

Бұған дейін осындай оқиға 2013 жылы Оңтүстік Кордофан штатында болған. Бірақ үкім жойылған.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.