Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істің мән-жайын айтты
Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істің мән-жайын айтты
Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі таратқан деректерге қарағанда, мекеменің экс-басшылығы аса ірі көлемде қаржы жымқырған.
"Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017-2018 жылдары "Ақпараттық ресурстарда нысандарды танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген нысандардың 3D модельдерін құру" жобасын іске асыру кезінде Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр",– делінген хабарламада.
Ұлттық музей мердігер ұйымдарға осы жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 миллард теңге төлеген. Сонымен қатар жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстарының нақты құны 83,4 миллион теңге болғаны анықталған. Осылайша, жұмыс құны 1,2 миллард теңгеге негізсіз ұлғайтылып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірген. Тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны хабарланды.