Елордада көпқабатты ғимарат өртенді
Елордада көпқабатты ғимарат өртенді
Фото: liter.kz
3,146
оқылды
Нұр-Сұлтанның оң жағалауындағы монша өртенді. Бұл туралы елордалық ТЖД хабарлады.  Әлуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.
«16 шілде күні сағат 16.46-да Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелеріне Мирный көшесі, 19 мекенжайында орналасқан жеке үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттың монша екенін анықтады. Қазір онда өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр», - деп мәлім етті Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.