Ақтауда сапбордпен теңізде жүзіп жүрген 6 адамды ағыс алып кетті
Ақтауда сапбордпен теңізде жүзіп жүрген 6 адамды ағыс алып кетті
792
оқылды
Ақтауда теңізде сапборд мінген алты адамды толқын алып кеткен, - деп хабарлайды Lada.kz. 15 шілдеде кешке Приморский тұрғын алабына қарама-қарсы теңізде сапбордтағы үш адамды толқын алып кеткен. Олардың екеуі 1991 жылы туған, үшіншісі 1993 жылы туған. Үшеуі де құтқарылған. Сол кеште сапбордтағы тағы үш адам құтқарылған. Олар 1975, 2004 және 2008 жылы туған. Дәрігерлер оларға алғашқы көмек көрсеткен. Үшінші құтқару операциясы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында өткен. 2 адам үрленетін қайықпен жағажайдан алысқа сумен ағып кеткен. Құтқарылған ер адамдарға Жедел медициналық көмек орталығының қызметкерлері алғашқы жәрдем көрсеткен.