Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1 546 адам жұқтырды, – деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 489, Алматы қаласында – 520, Шымкент қаласында – 98, Ақмола облысында – 25, Ақтөбе облысында – 10, Алматы облысында – 82, Атырау облысында – 27, Шығыс Қазақстан облысында – 17, Жамбыл облысында – 58, Батыс Қазақстан облысында – 17, Қарағанды облысында – 74, Қостанай облысында – 19, Қызылорда облысында – 45, Маңғыстау облысында – 20, Павлодар облысында – 11, Солтүстік Қазақстан облысында – 16, Түркістан облысында – 18. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 316 567 адамда тіркелді.