Бурхан Жансейітов үйқамаққа алынды
Бурхан Жансейітов  үйқамаққа алынды
3,018
оқылды
Ұсталған Бурхан Жансейітов үйқамаққа алынды, - деп хабарлады Алматы қаласының тергеу соты. "Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Бурхан Жансейітов 2 ай мерзімге 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялаудан бас тартылды", - деп хабарлады ведомстводан. Айта кетейік, Республикалық адвокаттар алқасы Бурхан Жансейітовтің адвокат емес екенін мәлімдеген болатын. Ал Жансейітов 15 шілдеде Алматыда құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталған болатын. Ол полиция көлігінің жолын жауып, алдыңғы доңғалағын тесіп, провокациялық әрекетке барған. Сондай-ақ Бурхан Жансейітов полиция қызметкерлерін балағаттап, бопсалаған да көрінеді.