Қостанай облысында екі науқас психиатриялық орталықтан қашып кетті
Қостанай облысында екі науқас психиатриялық орталықтан қашып кетті
399
оқылды
Психиатриялық орталықтан екі науқастың қашқаны туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. Қостанай облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, барлық полиция жасақтары іздеу жұмысына жұмылдырылды. Екі науқас бұған дейін де аталған мекемеден өз бетімен кетіп қалып отырған.
«Қостанай облыстық психиатриялық орталығынан екі науқастың қашып кеткені туралы ақпарат кеше таңертең түсті. Іздеу шаралары нәтижесінде науқастар Қостанай облысы Жамбыл кентінен бүгін сағат 09.00-де табылды. Олар осы уақытқа дейін өзен жағалауында болған», –  деді полициядан.