Атырауда балалар аттракционнан құлап кетті
Атырауда балалар аттракционнан құлап кетті
471
оқылды
Атырауда бірнеше бала аттракционнан құлап кетті. Облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға жақында ғана ашылған «Керемет» балалар ойын-сауық орталығында болған. Балалар отырған аттракцион тоқтап қалып, салдарынан бірнеше бала құлап кеткен. Балалар жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
«Қылмыстық кодекстің 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.