Желіде маймыл шешегі ауруы зертханада жасалған деген ақпарат тарауда
Желіде маймыл шешегі ауруы зертханада жасалған деген ақпарат тарауда
656
оқылды
Қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы маймыл шешегі зертханада қолдан жасалған деген хабарлама таратуда.
Яғни, Португалия ғалымдары жүргізген жаңа зерттеу осы ақпаратты дәлелдейді екен. Stopfake.kz сайты бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жазды.
Айта кетейік, маймыл шешегі вирусы белгілі бір биозертхананың жобасы екені туралы таратылып жатқан мәтінде мұны растайтын зерттеуге сілтеме берілген. Алайда жұмыстың өзін оқыған кезде, бұл вирустың қолдан жасалғаны туралы теорияны дәлелдемейтінін және мүлдем басқа тақырыпта екенін түсінеміз.
"Жұмыстың атауы: "Бірнеше елдегі маймыл шешек вирусының өршуі: генетикалық дивергенция және микроэволюцияның алғашқы белгілері ". Бұл 2022 жылғы 15 және 17 мамырда 9 пациенттің үлгісінен алынған вирус геномының тоғыз қосымша тізбегін жариялау туралы. Еңбекте маймыл шешек вирусының шығуына қатысты бір ғана сөйлем жазылған: "Бірнеше елде аурудың таралуының себебі бірдей болуы мүмкін". Вирус жасалған биозертханалар, оның әдейі немесе кездейсоқ таратылуы туралы мәтінде ештеңе айтылмаған", – делінген сайт мақаласында.