Шымкентте жол апатынан 4 тонна қарбыз көшеге шашылып қалды
Шымкентте жол апатынан 4 тонна қарбыз көшеге шашылып қалды
599
оқылды

Шымкентте үлкен  жол апаты салдарынан 4 тонна қарбыз көшеге шашылып, үлкен кептеліс пайда болды. 17 шілде күні сағат 14.00 шамасында Жиделібайсын және Шардара көшелерінің қиылысында  мал базарына жетпей жол апаты болды, – деп хабарлады Оtyrar.kz.

Оқиғада 8 көлік соқтығысып жолды жауып қалған. Салдарынан ұзын сонар көлік кептелісі болды. Алдын ала ақпарат бойынша, Howo маркалы жүк көлігіндегі тежегіш бірден істен шыққан. Зардап шеккендердің екеуі – ГАЗель жолаушысы және Howo жүргізушісі. Өкінішке қарай, 4 тонна қарбыз артып алған  ГАЗель көлігінің жүгі көшеде шашылып, жарамсыз күйге түсті.