Атырауда аттракционнан құлаған балалардың жағдайы белгілі болды
Атырауда аттракционнан құлаған балалардың жағдайы белгілі болды
2,977
оқылды
Атырауда әткеншектен құлаған балаларға қатысты тың мәлімет жарияланды, – деп хабарлайды Zakon.kz. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова төрт баланың балалар ауруханасына жатқызылғанын айтты. Ауыр жарақаттардың болмауына байланысты толық тексеруден өткізілгеннен кейін олар үйіне жіберілді. Дегенмен балалар учаскелік дәрігерлердің бақылауында болуға кеңес берілді.
–Ата-аналардан қолхат алынды, олардың тарапынан ешқандай шағым жоқ. Балалар үш күн бойы біздің бақылауымызда болады. Себептері мен салдары тексеру аяқталғаннан кейін қосымша хабарланады. Ойын алаңы әзірге жабық, – деді "Керемет жағалауы" балалар ойын алаңының басқарушысы Манас Серікқалиев.