Қазақстандық Дәурен Ермеков (14-5) Eagle FC лигасының уақытша титулын жеңіп алды. Бұл Naiza Fighting Championship және Eagle Fighting Championship промоушендерінің біріккен турнирінде болды, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек кешінің басты айқасында Ермеков ресейлік Гамзат Хирамагомедовпен (9-1) бес раундты кездесу өткізді. Екінші раундта қазақ файтер қарсыласын құлатып, соққы астына алды.
Төреші жекпе-жекті уақытынан ерте тоқтатып, техникалық нокаут тіркеді. Бұл кездесу бірінші раундта аяқталуы мүмкін еді, Дәурен қарсыласын есеңгіретіп жіберген болатын, дегенмен жеңіске тек екінші раундта жете алды.
AND NEW! 🏆
Dauren Ermekov stops Gamzat Khiramagomedov in the first and becomes the Interim Eagle FC Middleweight Champion!
👉 Watch #EagleFC48 LIVE and FREE NOW at https://t.co/QslxaiHw1p pic.twitter.com/6uMv6yZHJ6
— Eagle FC (@EagleFightClub) July 16, 2022