Мамандар көптеген жылдан бері мұндай жыландардың бірнеше рет пайда болғанын айтады. Бейнежазба Үндістанда түсірілген. Нақтылай айтқанда, түсі суық жәндік Деоли ауылындағы Баладжи ғибадатханасының жанынан көрінген. Оның ұзындығы шамамен 18 сантиметр болады. Жабайы табиғат мамандары бұл құмды жыланды шамамен алты айлық жаста деп есептейді. Жыланның бұл түрі ауданда алғаш рет байқалған. Екі басы бар жорғалаушыға қазір жергілікті табиғатты қорғау мекемесінде күтім жасалуда. Мамандар мұндай даму ауытқулары бар жыландар ұзақ өмір сүрмейтінін атап өтті. Себебі жыланның бастары бәрібір ас қорыту жүйесінің бір екенін түсінбей, тамақ үшін бір-бірімен күреседі. Әдетте бір бас екіншісіне қарағанда жақсы дамыған.