18 шілдеге арналған ауа райы болжамы
18 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: twitter.com
«Қазгидрометтің» мәліметінше, атмосфералық фронт әсерінен Қазақстанның солтүстік жартысында күн құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста түнде тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және орталығында күн жауын-шашынсыз болады. Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облыстарының оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.