Қызылордада ұры дәріханадан ұрлаған төлем терминалдарын сыртқа шығару үшін күзетшіден көмек сұраған
Қызылордада ұры дәріханадан ұрлаған төлем терминалдарын сыртқа шығару үшін күзетшіден көмек сұраған
Фото: publika.md
1,993
оқылды
Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, төлем қабылдайтын 3 терминалды ұрлаған ұры қолға түсті. Полицияға мекеме басшысы өздеріне тиесілі үш терминал ұрланғанына шағымданған. Дәріханалардағы 3 терминал ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Ұры сол дәріхана қызметкері мен күзетшіге өтініш айтып, терминалды сыртқа шығаруға көмектесуді сұраған. «Жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті ретінде Түркістан облысының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол үш терминалды ұрлаған. Ол Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды», – деді полицей. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.