Қазақстанда бір тәулікте 1 477 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 1 318 044-ке жетті. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 493, Алматы қаласында – 573, Шымкент қаласында – 66, Ақмола облысында – 30, Ақтөбе облысында – 6, Алматы облысында – 91, Атырау облысында – 30, Шығыс Қазақстан облысында – 8, Жамбыл облысында – 59, Батыс Қазақстан облысында – 19, Қарағанды облысында – 33, Қостанай облысында – 6, Қызылорда облысында – 22, Маңғыстау облысында – 6, Павлодар облысында – 10, Солтүстік Қазақстан облысында – 5, Түркістан облысында – 20.